"Достастық кубогы" жалауын желбіретті

16.01.2015, 18:24
"Достастық кубогы" жалауын желбіретті
Кеше Қазақстан жастар ұлттық құрама командасы Түркия жеріндегі оқу жиындарын аяқтап, Санкт-Петербург қаласына келді. 21-жасқа дейінгі жастар арасында өтетін дәстүрлі "Достастық кубогы" жарысы командамыздың биылғы маусымдағы алғашқы сынағы болмақ. Командада бұл жолы Бауыржан Исламхан секілді анық лидер жоқ. Десе де, жолдастық кездесулерден байқалғандай, оның орнын жоқтатпайтын жігіттер баршылық. Бұл жолы біздің топта Тәжікістан, Литва, жәнә Оңтүстік Африка жастар құрама командасы бар. Құрама команданың биылғы турнирдегі мақсаты жайлы бас бапкер азды кем хабарлап өтті. Саулюс ШИРМЯЛИС ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ - Команданың жалпы мақсаты барынша жоғары орынға таласу. Ал, нақты айтар болсам, біз алдымен топтың жеңімпазы атануды көздеуіміз керек. Биыл байқағандарыңыздай бізде команда қайта жасақталды. Дегенмен де, ел намысын түсірмеуге бар күшімізді саламыз. Айта кетуіміз керек осы турнир алдында Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов ФИФА басшысы Иозеф Блаттермен кездесуі жоспарланып отыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×