Дринкуотер “Қасымпаша” ойыншысы атанды

19.01.2021, 01:57
Клуб басшысы Дринкуотерге жеке ұшағын жіберген екен.
Дринкуотер “Қасымпаша” ойыншысы атанды

Түркиялық “Қасымпаша” клубы лондондық “Челсидің” жартылай қорғаушысы Дэниэл Дринкуотерді маусым соңына дейін жалға алды, деп хабарлайды стамбулдық клубтың баспасөз қызметі.

Дринкуотер “Челси” сапына 2017 жылы “Лестерден” 35 миллион фунтқа ауысқан еді. Содан кейін “Бернли” және “Астон Вилла” клубтарына жалға берілді. Ағымдағы маусымда “көктер” қатарында бірде-бір ойынға қатыспады.

Дэнни өткен аптада түркиялық клуб сапына қосылуы керек болған. Бірақ Түркияға ұшуда кедергілер пайда болды. Сол үшін клуб басшысы Тургай Чинер Дринкуотерге өзінің жеке ұшағын жіберген деген ақпараттар бар.

“Қасымпаша” Түркия чемпионатында 17 ойыннан кейін 22 ұпай еншілеп, 15-орында келеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×