Дрис Мертенс «Наполи» клубының тарихына енді

23.11.2021, 17:09
Бельгиялық шабуылшы кеше А сериясындағы 103-гі голын соқты.
Дрис Мертенс «Наполи» клубының тарихына енді

Жексенбі күні «Наполи» А сериясының 13-туры аясындағы ойында «Интерден» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Неаполитандық команда сапында Петр Зельински мен Дрис Мертенс бір соқты.

Бұл Мертенстің А сериясындағы 103-ші голы болды. Осылайша, Бельгия құрамасының шабуылшысы бұл көрсеткіш бойынша Антонио Войякты (102) басып озып, «Наполидің» үздік сұрмергені атанды. Аталмыш тізімдегі үздік үштікті словакиялық жартылай қорғаушы Марек Гамшик (100) түйіндеп тұр.

32 ұпай жинаған «Наполи» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×