Ирландия құрамасының жұлдызы Трой Парротт Венгрияға қарсы ойында тамаша хет-трик жасап, соңғы минуттағы ғажайып голымен елін әлемдік доданың плей-офф кезеңіне алып шыққаны көпшілікті шаттыққа бөледі, деп хабарлайды Aladop.kz.
Осы жеңістен кейін Дублин әуежайы әлеуметтік желіде әзіл-сықақ түрде өз атауын "Troy Parrott Airport" деп өзгерткенін жариялап, жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді.
Әуежай жариялаған посттың астында: "Қойдық, жасай салдық" деген қалжың жазба тұр. Бұл да елдегі қуаныштың қандай деңгейде екенін айқын көрсеткендей.
96-минуттағы шешуші гол — ұлттық эйфория
Будапешттегі матчтың 96-минутында соғылған гол Ирландияда ғана емес, шетелдегі жанкүйерлер арасында да үлкен толқу тудырды. Әлеуметтік желілерде Дублин әуежайындағы барда отырған жолаушылардың соңғы голдан кейін орнынан атып тұрып, қуаныштан секіріп кеткен сәттері тарады. Жолаушылардың өз рейстерін күтсе де, командаға деген қолдауы ерекше байқалды.
2026 жылғы әлем чемпионаты үшін күрес
Бұл жеңістен кейін Ирландия құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жаңа формат бойынша екі ғана матч — жартылай финал және финал — команданы Әлем чемпионатына жетелуі мүмкін. Барлығы 16 еуропалық команда плей-оффқа шыққан, олардың төртеуі ғана 2026 жылғы әлемдік додаға жолдама алады. Ирландия өз қарсыласын алдағы бейсенбіде өтетін жеребеде біледі.
Әуежайлар арасындағы әзіл жарыс
Тек Дублин емес, Корк әуежайы да бұл жеңісті өзінше атап өтті. Олар әуежайдағы әйгілі мүсіндер қатарына Трой Парроттың жаңа мүсінін қойып, оны Ирландия футболының даңқты тұлғасы Джек Чарльтонның жанына орналастырды. Әлеуметтік желідегі жазбада:
"Бүгіннен бастап Биг Джектің жаны бос тұрмайтын болды." — деп әзілдей бөлісті.
Футболшылар мен сарапшылар пікірі
Матчтан кейін эмоцияға толы Парротт: "Футболдың кереметі — мұндай сәттердің болуында.” – деп мәлімдеді.
Ал Ирландияның аңыз капитаны Рой Кин:
“Команда мінез көрсетті. Португалияны жеңгеннен кейін бүгінгі жетістік шын мәнінде керемет.” — деп баға берді.