Қазірде біздің жігіттер Еуро-2026 турнирінің плей-офф кездесуі аясында Италияда қонақта ойнауда.
Фазано қаласында өтіп жатқан кездесуге мына ойыншылар бастапқы минуттан көрсетеді.
2.Игита (С), 5.Дәрібай, 6.Эдсон, 10.Есенаманов, 12.Тұрсағұлов
Одан тағысы, қосалқы құрамда 9 ойыншы бар.
1.Жеткірбаев, 3.Кнауб, 4.Қайыров, 6.Ақбалықов, 13.Абдыманапұлы, 15.Карменов, 18.Черноморец, 19.Төреғазин, 23.Марахов.
Бір өкініштісі, бұл кездесуге біздің құрама сапынан Біржан Оразов пен Дуглас қатыспайды. Біржанда сары қағаздың көптігі кесірін тигізсе, Дугласқа Италия мемлекеті тарапынан виза берілмеген екен. Сол себептен құрама қос білдей мықты ойыншысынан ажырап отыр.
Айта кетейік, Қазақстан 23 қыркүйек күні Италияны өз жерінде қонақ қылады. Елорда уақытымен сағат 19:30-ға жоспарланған ойын Ж.Үшкемпіроа атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.