Дуглас: «Италияға қарсы осы турнирдегі ең жақсы ойынымызды өткіздік»

29.01.2022, 15:51
Дуглас кешегі ойында да гол соқты.
Дуглас: «Италияға қарсы осы турнирдегі ең жақсы ойынымызды өткіздік»

Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор Италияға қарсы өткен матч (4:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты:

— Біз Италияның қаншалықты күшті екенін білеміз, бірақ біз әр матч сайын прогресс жасаудамыз. Біз жеңіске жеттік, сонымен қатар топтан бірінші орынмен шықтық, бұл да өте маңызды болды. Тағы да ширек финалға жолдама алдық және дайындық кезеңіндегі қиындықтарды ескерсек, бұл ерекше жетістік болып саналады.

Бұл турнирдегі бірінші кездесуіміз оңай болған жоқ, бірақ Финляндияға қарсы біз жақсырақ ойнадық және бүгін турнирдегі ең жақсы ойынды өткіздік. Бәрі керемет болды дей алмаймын, бірақ біз осы деңгейге жетуді мақсат етіп отырмыз. Тайнан мен Эдсон келесі матчта ойнай алмайды – бұл біз үшін үлкен соққы, бірақ мен барлық ойыншы қолынан келгенін жасайды деген сенімдемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×