Футзалдан Қазақстан құрамасының 32 жастағы қорғаушысы Дуглас Жуниор 2021 жылғы әлем чемпионатының үшінші үздік ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды ФИФА-ның ресми сайты.
Лео Игита Дуглас туралы: «Ол шынымен темір адам. Ол небәрі 30 секунд демалады, қайтып келеді де сол энергиямен ойнайды. Ол мен үшін әлемдегі ең үздік ойыншы екені сөзсіз», - деген еді
«32 жастағы ойыншы 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында өзінің лақап атына толық сәйкес келді. Ол басқа ойыншыларға қарағанда ең көп ойын өткізді, көп пас берді және көп ойнады. Ол сонымен қатар 4 гол соқты және 5 нәтижелі пас - бұл қорғаушы үшін керемет көрсеткіш», - деп жазады ФИФА-ның ресми сайты.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 28 жастағы шабуылшысы Тайнан 2021 жылғы әлем чемпионатының үшінші үздік сұрмергені атанды.
Тайнан осы әлем чемпионатында 7 матч өткізіп, 6 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Бұл турнирдегі үшінші үздік нәтиже.
Ол топтық кезеңде Коста-Рика (2) мен Литваға қарсы матчтарда (1), сондай-ақ 1/8 финалда Тайландқа (1), 1/4 финалда Иранға (1) және үшінші орын үшін болған матчта Бразилия қақпасына гол соқты.
Турнирдің үздік сұрмергені бразилиялық Феррао болды, ол 9 гол соқты. Аргентиналық Пани күміс бутсаға ие болды (8 гол).
Біздің серіктес: FONBET