Дуглас ұлттық құрама сапында 80 ойын өткізді

24.08.2024, 18:15

Тәжікстанға қарсы жолдастық матч Дуглас үшін ұлттық құрама сапында 80 ойын болып тіркелді. 

Дуглас ұлттық құрама сапында 80 ойын өткізді

Дуглас Жуниор Қазақстан намысын 2015 жылдан бері қорғап келеді. Алғашқы ойынын 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Босния және Герцоговинаға қарсы өткізді. Дебюттық кездесуінде ел фанаттары арасында “темір бала” лақап атымен танылған спортшы дубль авторы атанды.

Ел құрамасымен бірге Дуглас Белградта өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Еске салсақ, Қазақстан Тәжікстанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуінде 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Ақжол Дәрібай гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×