Дуглас Жуниор Еуропа біріншілігінің символикалық құрамына енді

12.02.2022, 18:57
Дуглас 2022 жылғы Еуропа біріншілігінде 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Дуглас Жуниор Еуропа біріншілігінің символикалық құрамына енді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дуглас 2022 жылғы Еуропа чемпионатының символикалық құрамына енді.

Дуглас Джуниор үшінші рет кәрі құрлықтың басты турниріне қатысып, үшеуінде де үздік ойыншылардың қатарынан көрінді. Айта кетейік, Дуглас 2022 жылғы Еуропа біріншілігінде 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Символикалық құрамнан турнирдің үздік ойыншысы Зики Тэ (Португалия), украиналық қақпашы Кирилл Цыпун, испаниялық Серхио Лозано және ресейлік Сергей Абрамовқа да орын табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×