20 жастағы жас қақпашыға даниялық “Кеге” клубы сенім артып отырған жоқ.
Осы маусымда Дулат Данияның Бірінші Лигасында бірде-бір ойын өткізген жоқ. Кеге ұжымы Никлас Педерсен отандасымыздың орнына қақпаға жергілікті жас ойыншыларды қойып келеді.
Талыспаев ойын практикасын Қазақстан U21 құрамында толықтырып келеді. Осындай жағдайдан кейін Дулат елімізге қайтып келуі мүмкін. Даниялық клубта оған ешкім сеніп отырған жоқ.
Жас қақпашы Қазақстанға келетін болса, мансабын араға ұзақ жылдар салып, еурокубокке оралған “Елімайдың” сапын толықтырады деп күтілуде. Бүгінгі күнге дейін семейліктер қақпасын Егор Цуприков пен украиналық Максим Коваль қорғап келді.