Думан Нәрзілдаев «Каспий» ойыншысы атанды

28.01.2022, 19:49
Футболшы он жыл бойы қызылордалық клубта доп тепті.
Думан Нәрзілдаев «Каспий» ойыншысы атанды

«Каспий» 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Думан Нарзілдаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы ақтаулық клубқа еркін агент ретінде қосылды.

Думан 10 жыл бойы «Қайсардың» намысын қорғады. Қызылордалық клубпен бірге 2019 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алды (1999 жылдан бері алғаш рет).

Нәрзілдаев «Қайсар» жейдесінде бас-аяғы 172 кездесу өткізіп, 9 гол соқты, 17 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×