Думбия “Ақтөбе” ойыншысы атанды

26.02.2024, 18:26

“Ақтөбе” 21 жастағы гвинеялық жартылай қорғаушы Амаду Думбиямен келісімге келді, деп жазады Аладоп.кз.

Думбия “Ақтөбе” ойыншысы атанды

Футболшы “Ботев” және скандинав түбегінің “Юргорден” клубтарында доп тепті. Бірақ 2022 жылдың қазан айында Амаду адам зорлады деген күдікке ілініп, швециялық клубтан қуылды. Арада бір айдай уақыт өткеннен кейін Думбиядан қыз зорлау туралы заңдық күшіне еңген айып алынып тасталды. Заңгерлер футболшының кінәсіз екендігін дәлелдеп шықты. Қалай дегенмен арты таза емес Амаду есірткі сату және сатып алу қылмыстары бойынша сотқа 1500 доллар көлемінде айыппұл төледі (16 швециялық крон).

Думбия “ақ-қызылдар” сапына ақпан айынын басында келіп қосылған болатын. Содан бері ол “Ақтөбе” жейдесінде бірнеше бақылау кездесулерін өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×