Душан “Ювентусте” бақытты

28.02.2024, 19:53

Шабуылшы Душан Влахович агенті арқылы өзінің “Ювентустағы” келісімшартын ұзартқысы келеді екен. Ол командадағы қиын жағдайға қарамастан, өзін бұл ұжымда бақытты сезінеді, деп жазады Аладоп.кз.  

Душан “Ювентусте” бақытты

Сербиялық командадағы келісімшартын екі жылға ұзартуды мақсат етіп отыр екен.  

Қазіргі сәтте Душанның агенті Дарко Ристич “зебралардың” спорттық директоры Кристиан Джунтолимен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Алайда қорытынды шешім көктемнің соңына қарай белгілі болмақ. Сонда ғана біз қос тараптың қандай мәмілеге келгенін біле аламыз. 

Шілде айынан бастап Влаховичтің маусым үшін алатын жалақысы 12 млн еуроға дейін өседі. Ал бұл фактор қаржылық қиындықтарға тап болған “Ювентустың” қалтасына ауырлық алып келетіні өтірік емес. 

24 жастағы шабуылшы “Ювентус” үшін соңғы 7 ойында 9 гол соқты.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×