Душан Влахович «Ювентус» ойыншысы атанды

29.01.2022, 16:20
Влахович туриндік клубта жетінші нөмірмен өнер көрсетеді.
Душан Влахович «Ювентус» ойыншысы атанды

«Фиорентинаның» сербиялық шабуылшысы Душан Влахович «Ювентус» ойыншысы атанды.

Бұған дейін трансфер сомасының 75 миллион еуро болатынын хабарлаған болатын. Ойыншының жылдық жалақысы шамамен 7 миллион еуроны құрамақ. Влахович туриндік клубта жетінші нөмірмен өнер көрсетеді.

«Бүгін менің туған күнім - мен үшін ерекше күн. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты күндердің бірі. «Ювентус» менімен мақтанғанын қалаймын. Біз әрқашан барлық титулдар үшін күресетін боламыз», - деді Влахович.

Душан «Фиорентинаға» 2018 жылы сербиялық «Партизан» командасынан ауысып келген болатын. Шабуылшы осы маусымда А сериясының 21 матчында 17 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ел кубогіндегі үш матчта үш гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×