Джаба Канкава Грузияның үздік футболшысы

28.12.2019, 21:15
Джаба Канкава Грузияның үздік футболшысы

Грузия футбол федерациясы жылды қорытындылап, ең үздік футболшыны анықтады деп хабарлайды gff.ge. Жалпы 11 футболшының арасынан ала доп ардагерлері мен спорт журналистері Джаба Канкаваны үздік деп таныпты. Грузия құрамасының капитаны ұлттық құрама сапында 86 ойын өткізген. 33 жастағы ойыншы 2018 жылдан бастап Қостанайдың "Тобылында" доп тебеді.

Айта кетейік, Джаба бұл жүлдені осымен 2-рет алып отыр.

Сондай-ақ, ол "Арсенал" Киев, "Днепр" және "Кривбасс" сынды ұжымдарда ойнаған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×