"Джалович допты қолымен көтерді ал, төрешінің ысқырған дауысы естілмеді"

27.08.2011, 01:48
"Джалович допты қолымен көтерді ал, төрешінің ысқырған дауысы естілмеді"
"Ақтөбе" клубының бас бапкері Владимир Мұханов 1-1 тең тарасқан "Ақтөбе" мен "Жетісу" кездесуіндегі Мұханов шәкірттерінің кезекті шабуылдарының бірінде бас бапкер Анатолий Вишниченконың 11-метрлік соққы бермегенін айтып байбалам салды. "Джалович допты қолымен көтерді ал, төрешінің ысқырған дауысы естілмеді." дей келе, - Кездесуде "Ақтөбе" басымдылық танытты. Біз көптеген мүмкіндіктерді жіберіп алдық, дегенмен  бізге шеберлік қана жетіспеді. Тіпті, қақпашысымен қос ойыншымыз қарсы шықты, алайда бұдан да ештеңе шығара алмадық. Жеңгіміз келді бірақ бұл аяқ доп. Цветкович гол салмағанда, олардың қолынан дым да келмейтін еді. Алайда шабуылдап, шабуылдап тең түскен қиын, өзегің өртенеді. Өкінгеннен не шара?!.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×