Джан Пьеро Гасперини «Аталантадан» кетуге жақын

10.12.2020, 02:20
Команда ойыншылары екіге бөлініп кетіпті.
Джан Пьеро Гасперини «Аталантадан» кетуге жақын

"Аталантаның" бас бапкері Джан Пьеро Гасперини Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ойындары аяқталғаннан кейін командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport Mediaset.

Маманның "Аталантадан" кетуі мүмкін деген қауесет әңгімелер көбейіп кетті. Дереккөздер "Аталанта" командасы екіге бөлініп кетті деп мәлімдейді - бір тобы ойыншыларға, екінші тобы Гаспериниге қарсы. Маман өзінің болашағы туралы "Аякспен" Чемпиондар лигасының 6-тур матчынан кейін шешім қабылдайды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, "Аталанта" капитаны Алехандро Гомес Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-ші турында "Мидтьюлландпен" болған матчта (1:1) Гасперинимен қақтығысқа түскен болатын. Үзіліске дейін Гасперини Гомеске шабуылдың оң қапталында ойнауын өтінді, бірақ 32 жастағы аргентиналық ойыншы бас тартты. "Аталанта" бапкері Гоместі үзіліс кезінде Йосип Иличичке алмастырды. Гоместің өзі матч біткенше киім ауыстыратын бөлмеден шықпады.

D тобында "Ливерпуль" турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Екінші орынды "Аталанта" келе жатыр (8 ұпай). "Аякс" жеті ұпаймен үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×