"Ювентустың" қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзінің кәсіби мансабын бастаған "Пармаға" қайта оралды.
Клубтың баспасөз қызметі 43 жастағы футболшының клубқа ауысуын керемет бейнеролик арқылы хабарлады. Видеода Буффон бетін бүркеп алып, команданың стадионына келеді. Қақпашы алаңға келіп, қолына күрек алып, қақпаның ішіндегі газонды қаза бастайды. Онда ол "Парма" клубының формасы мен Суперменнің костюмі бар сандықты табады. Осыдан кейін Джанлуиджи бас киімін шешіп, телефон арқылы: "Мен қайтып келдім" дейді.
Буффон 2001 жылдың шілдесінде "Пармадан" "Ювентуске" ауысты. Трансфер құны 52,8 миллион еуроны құрады. 17 жылдан кейін ол италиялық клубтан "Пари Сен-Жерменге" еркін агент ретінде кетті, бірақ 2019 жылғы маусымнан кейін Туринге қайта оралды.
Біздің серіктес: FONBET