Джанлуиджи Буффон өзінің жеке футбол академиясын ашты

27.04.2021, 03:33
Буффон жазда оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Джанлуиджи Буффон өзінің жеке футбол академиясын ашты

«Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзінің жеке футбол академиясын ашты.

«Буффонның футбол академиясы 8-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздарға футбол әлемінде техникалық шеберліктерін арттыруға бағытталған жоғары мамандандырылған курсты ұсыну үшін құрылды.

Мен әрқашан жаттығулардың тиімділігіне сендім, әсіресе осындай қиын уақытта. Біз әр қақпашы үшін толық дайындық бағдарламасын ұсынамыз. Маусым айында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыра аламыз деп үміттенемін. Мен балалармен 13 маусымда Марина-ди-Пьетрасантада кездескім келеді, бірақ бәрі пандемия жағдайына байланысты болады», - деді Буффон академияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×