Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ-ға ауысу үшін медициналық тексерістен өтуде

21.06.2021, 21:20
Италия құрамасының қақпашысы париждік клубқа еркін агент ретінде қосылмақ.
Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ-ға ауысу үшін медициналық тексерістен өтуде

Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма бүгін, 21 маусымда ПСЖ клубына ауысу үшін медициналық тексерістен өтеді. Бұл жайлы La Gazzetta dello Sport басылымы хабарлады.

Париждік клубтың дәрігері Кристоф Бодо Римге келді, 22 жастағы қақпашы дәл осы жерде Италия құрамасымен бірге жаттығуда. Доннаруммамен келісім-шарт 2026 жылға дейін есептелген, қақпашының жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрайды. Футболшы париждік клубқа еркін агент ретінде ауысады.

Өткен маусымда қақпашы "Милан" сапында 48 матч өткізіп, 54 гол жіберіп алды, 15 матчта қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×