Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма жазғы трансферлік кезеңде «ПСЖ»-дн «Манчестер Ситиге» ауысқан еді.
«Өзгерістер - оңай емес. Парижде тамаша жанкүйерлер бар. Командада керемет футболшылар ойнайды. Онда мықты бапкерлер, спорт директоры және президент бар. Мен қалғым келді», – деп италиялық қақпашы Лев Яшин атындағы сыйлықты алғаннан кейін пікірін білдірді.
Айта кетейік, Джанлуиджи Доннарума 2021 жылдан 2025 жылға дейін париждік клубтың намысын қорғады. Өткен маусымда ол француз алпауыт клубымен бірге УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.