Джеффридің дублі “Астанаға” жеңіс әкелді

14.09.2024, 21:42

Елордалық “Астана” ішкі чемпионаттың 20-турында “Қызылжардан” басым түсті (2:1).

Джеффридің дублі “Астанаға” жеңіс әкелді

Премьер-лига, 20-тур

“Астана” 2:1 “Қызылжар”

Голдар: Чинеду Джеффри 45, 59 – Олексий Щебетун 45+1

Айта кетейік, ойынның 27 минутында Марин Томасовтың соққан голы есептелінбей қалды. Төреші қайталауды көре келе, нәтиже тіркелген дейін ереже бұзылғанын анықтады. Онымен қоса, 44 және 63 минутта Джеффри Чинеду мен Усман Камара 11-метрлік айып добынан ерекшелене алмады. Олар өздеріне берілген мүмкіндіктен құр қалды.

Еске салсақ, “Астана” ішкі чемпионат аясында бұл матчқа дейін “Қайратты” 0:1 есебімен ұтқан болатын. Қос матчта 6 ұпай еншілеген ұжым турнирлік кестеде 24 ұпаймен 7 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Астана
×