"Астананың" экс-ойыншысы өнер көрсететін команда "Пари НН" ұжымына қарсы сәтсіз ойын өрнегін көрсетті.
Ресей Премьер-Лигасының 21-туры кездесуіне “Крылья” Советов жеңісті көңіл-күймен келген болатын. Аталған кездесуде Самара ұжымы Джеффри Чинедудың көмегімен 2:0 есебімен оң нәтижеге қол жеткізді. Алайда бүгін Алекей Шпилевский баптайтын Нижний Новгород ұжымы 3:0 есебімен “Крылья” жігіттерін тізе бүктірді. Өткен турда үздік ойыншы атанған Джеффри Чинеду бұл жолы қарсыласқа қарсы түкте жасай алмады.
Айта кетейік, бүгін 21:00-де тағы бір “Астананың” экс-ойыншысы Назми Грипшидің “Рубин” командасы “Локомотивке” қарсы матч өткізеді. Еске салсақ, албаниялықта өткен турда “Краснодар” қақпасынан саңылау тауып, турдың үздік ойыншысы атанды.