Джейдон Санчо "Рома" сапына ауысудан бас тартты

18.08.2025, 17:56

"Тұманды Альбионға" ауысқалы мансабын түбімен құртып алған Джейдон Санчо А сериясын менсінбеген бе сонда?

 

Джейдон Санчо "Рома" сапына ауысудан бас тартты
Джейдон Санчо

“Манчестер Юнайтедтің” жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо “Рома” тарапынан түскен ұсыныстан бас тартып, италиялық клубқа ауыспайтын болды.

Өткен маусымда Санчо “Челсиде” жалға алу құқығы бойынша бір маусым ойнаған еді. Ол, “ақсүйектер” сапында барлық турнирде 42 ойын өткізіп, 5 гол және 10 голдық паспен көзге түсті.

Осыған дейін, “қызыл сойқандар” мен “қасқырлар” ойыншының трансферіне келіскені және трансфер құны 20 миллион фунтты құрағаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×