Джек Грилиш “Эвертонға” ауысқалы жақсы өнер көрсетіп келеді

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы 9 матчта 5 нәтижелі әрекет тіркелді.

Джек Грилиш “Эвертонға” ауысқалы жақсы өнер көрсетіп келеді

Осы жылдың тамыз айында "Эвертон" ойыншысы атанған Джек Грилиштің ойыны қайтадан оңала бастады. Футболшы Ливерпуль қаласының ұжымына келе сала АПЛ тамыз айындағы үздігі атанды. Аталған марапатты 30 жастағы ойыншы мына көрсеткіштеріне байланысты алды:

  • Тамыз айында 4 голдық пас
  • 19 рет қарсылас ойыншысын сәтті алдап өтті
  • 9 рет командасына қауіпті стандарт алып келді.

Одан кейінде Джек жаңа командасының ең пайдалы ойыншысы қатарынан шықпады. Flashscore қолданбасы жартылай қорғаушының өткізген әр кездесуінде кемінде 7 баллдық жүйемен бағаланатынын көрсетті. Ал бұл Грилиштің қайта үздік атанғанына күмән кілтірмейді.

Мәселен, соңғы кездесуде Грилиш өз командасының 12 ойын қатарынан жеңілмей келе жатқан “Кристал Пэластан” басым түсуіне басты себепкер болды. Жартылай қорғаушы Оливер Гласнер баптайтын командаға соңғы минуттарда гол соғып, 2:1 есебімен “Эвертонның” жеңісін тіркеді. 

“Манчестер Ситидегі” соңғы маусымдарында 10 айда бір нәтиже тіркейтін Грилиш қазірде Эвертон жанкүйерлерінің сүйіктісі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×