«Ливерпульдің» бұрынғы шабуылшысы Джердан Шакири америкалық «Чикаго Файр» клубымен келісім-шартқа отырды, деп жазады инсайдер Фабрицио Романо.
Дереккөздің мәліметінше, «Лион» Джердан Шакиридің MLS клубымен келіссөз жүргізу туралы өтінішін қабылдаған екен. Ал швейцариялық футболшы «Чикаго Файрмен» нақты мәміле жасасып үлгерді. Франциялық клуб Шакири үшін шамамен 7 миллион еуро алады деп жоспарлануда.
30 жастағы футболшы соңғы кездері жаттығуға қатыспағандықтан, Франция чемпионатының 23-ші турындағы «Монакомен» болатын матчқа шақыртылмады. Джердан осы маусымда 16 ойын өткізіп, бір гол соқты, үш нәтижелі пас берді.
Естеріңізде болса, күні кеше Дуглас Костаның да MLS-тегі «Лос-Анджелес Гэлакси» клубына ауысатыны хабарланған еді.
Біздің серіктес: FONBET