“Ливерпуль” мен Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Стивен Джеррард 2001 жылы 22 жасында “Алтын доп” иегері атанған Майкл Оуэнді ерекше жоғары бағалады
"Мен онымен бірге ойнадым. Ол жасөспірім кезінде-ақ керемет қабілетке ие болды. Менің ойымша, Майкл Оуэн бұл тұрғыда ең үздік ойыншы. Ламин Ямал мен Килиан Мбаппе де керемет футболшылар. Олар қазір "Алтын доп” үшін таласып жүр, ал Оуэннің қолында ол жүлденің біреуі әлдеқашан бар. Біз Майклдың әлемнің үздік ойыншысы атанғанын құрметтеуіміз керек, — деді Джеррард AS басылымына берген сұхбатында.
2001 жылы Оуэн "Ливерпульмен" бірге Англия кубогын, Лига кубогын және УЕФА кубогын жеңгеннен кейін Еуропаның үздік футболшысы атанып, "Алтын допты” иеленген. Кейін ол "Реал Мадрид”, "Ньюкасл Юнайтед”, "Манчестер Юнайтед" және "Сток Сити” клубтарында өнер көрсетіп, Англия құрамасы сапында 89 матчта 40 гол соқты.