Джоэль Каямба Григорий Бабаянмен болған жанжал жайлы: егер мені құрметтемесе, менің де жауабым дәл сондай болмақ

02.11.2024, 15:37

Премьер-лиганың кейінге шегерілген 17-турындағы «Астана» мен «Атыраудың» арасындағы ойын ерекше тартысты өтті.

Джоэль Каямба Григорий Бабаянмен болған жанжал жайлы: егер мені құрметтемесе, менің де жауабым дәл сондай болмақ
Джоэль Каямба

Сондай-ақ, бұл кездесу матч соңындағы жанжалымен де есте қалған болатын. 3:2 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталған бәсекеден кейін елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян мен «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Джоэль Каямба сөзге келіп, қос клуб конфликтке келген еді. Біз осы оқиғаға байланысты атыраулық футболшының өзімен хабарласып, болған жағдай туралы және тағы біраз мәселе төңірегінде әңгімелескен едік.

Сіздер бұл сұқбаттан:

Григорий Бабаян мен Джоэль Каямбаның арасындағы жанжалдың шындығы жайлы

Биылғы ҚПЛ-дегі ең мықты команда туралы

ҚПЛ-2024-тің басты ерекшелігі

Қазақстандағы ең үздік футболшылар жайлы оқи аласыздар  

 - Джоэль, өткен турда «Астана» бапкерімен араңызда болған жағдайдың шындығын өз аузыңыздан естісек деп едік. Себебі, осыған қатысты БАҚ-та, әлеуметтік желілерде небір ақпарат тарауда… 

- Қандай ақпарат туралы айтып тұрғаныңызды білемін. Жалпы, мен оның реакциясына («Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян, ред,.) таң қалдым! Өйткені, ол сәтте бұлайша тулап, эмоциясын білдірудің түк те қажеті жоқ еді... Матч аяқталды, алатын ұпайларын алып қойған. Болған іс болды, бояуы сіңді ғой. Қазір осыған байланысты клубқа, жеке өзіме шығып, оқиғаның қалай болғанын сұрап жатқандар көп. Сондықтан, осы жағдайға нүкте қойсақ. Жағдай былай, менің матчтағы екінші пенальтидің тағайындалуына қатысты сұрағым болған. Соған байланысты ВАР төрешісімен сөйлесуге беттедім. Бар болғаны осы ғана. Ал ол маған бірден қол көтерді. Еш себепсіз! Білесіз бе, мұндағы ең сорақысы, ол мұның барлығынан еш қысылған жоқ, барлығын да жария түрде істеді. Оның еш қысылмай-қымтырылмай-ақ жасаған әрекеттерін сол кезде сол жерде болғандардың барлығы көрді ғой. Олар видеоны өшіргенімен, оқиға орнында болғандардың барлығы жағдайға куә болды. Солардың барлығын жынды қылып отыр ма? Оның жеке басына қатысты ештеңем жоқ. Бапкерлік мансабына және жетістіктеріне құрметпен қараймын! Бірақ, бұл неге екі жақты емес? Менің де тарапыма сондай құрмет болуы тиіс деп есептеймін. Егер мені құрметтемесе, менің де жауабым дәл сондай болмақ…

Спортта біз, футболшылар, балаларға үлгі-өнеге боламыз. Көпшіліктің назарында жүргесін, осы статусқа сай болуың керек. Көптің кумирі болу үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыны ешқашан ұмытпаған жөн. Жастар осы спортты жақсы көреді. Сондықтан, біз оларға жақсы үлгі болуымыз керек. Ал сіз бен біз қазір талқылап отырған мұндай жағдайлар футболдың абыройын түсіреді. Мен оның өкініштен өзегі өртеніп отырғанын білемін, бірақ қазір тым кеш. Кәсіби адам, әсіресе, кәсіби деңгейдегі бапкер эмоцияларын ырқына бағындыру үшін менталды тұрғыда мықты болуы тиіс. Маған оның осыдан кейін сұхбаттардағы реакциясы қызық болған. Шынымды айтсам, кәсіби маман немесе жай ер азаматқа сай жауапкершілікті алып, қолымен істегенін мойнымен көтеретін шығар деп күткем. Матчтан кейін Педродан ол туралы сұрағам. Жақсы адам, әрдайым сабырлы деді. Кім білсін, мүмкін, бұл тек осы матчтың эмоциялары ғана шығар… 

- Болған жағдайға байланысты қандай жауап күтесіз? 

- Соңғы шешімді мен қабылдамаймын ғой. Бұл жағдайда байланысты бар үмітім Қазақстан футбол федерациясында. Құзырлы орган ретінде бір шешім шығарар деп сенемін. Қалай дегенде де мұның бір жауабы болуы тиіс. Жеке өз басым, осы жағдайдан зардап шеккен барлық адамнан кешірім сұрағым келеді. Жалпы, өз басым конфликтті адам емеспін. Футболда да, өмірде де барлығын ақылмен, сабырмен шешкенді жөн көремін. Ал «Астанамен» болған бәсекеде мен тек бір-бірімізге құрмет көрсетуді сұрадым. Бар болғаны осы ғана… 

- Джоэль, жалпы биылғы чемпионат жайлы не ойлайсыз? Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бәсекелестіктің деңгейі қандай? 

Меніңше, биылғы премьер-лиганың деңгейі жоғары. Өткен жылдан жақсырақ па деймін. Бұл жалғыз менің ғана пікірім емес, командаластарым да осындай пікірде. Қазір фавориттерге қарсы барлық командалардың тегеурінді қарсылық таныта алатын қауқары бар. Солай болуы да тиіс. Жалпы, ҚПЛ-дің топ клубтарына биыл оңай соғып жатқан жоқ. Үнемі жүлдегер болып келген клубтар ойламаған жерден ұпай жоғалтып, сүрініп жатыр. Қысқасы, премьер-лиганың деңгейі өскен. 

- ҚПЛ-де салыстырмалы түрде қай командаға қарсы ойнау әлдеқайда қиынырақ? Жеке өзіңізге қандай футболшының ойыны ұнады? 

- Кімге қалай, маған салса - Тобыл дейтін едім. Бұл команда техникалық тұрғыдан ең мықты ойыншылармен жасақталған! Менің түсінігімдегі ойын сапасы жағынан да ең үздік ұжым осы. Бірақ футболда кейде жеке басыңның мықтылығы нәтиже бермейтін кездер болады. Кешенді жетістік үшін команда рухы мен бірлік болуы қажет. Шеберлік тұрғысынан «Астананың» сол қапталдағы (Ян Вороговский, ред,.) қорғаушысын барлығынан жоғары қояр едім. Сондай-ақ, «Тобылдың» қорғаушысы Папа Алиун Ндиайе мен «Ақтөбенің» намысын қорғайтын Струмияны да осы қатарға жатқызуға болады. Бұл футболшылард өз командаларында ерекше рөл атқарады. Бір сөзбен айтқанда жүйе құрушы ойыншылар. Бұл әрине, жеке менің субьективті пікірім. 

- Джоэль, сұқбатыңызға үлкен рахмет! Жеке өзіңізге және командаңызға жеңіс тілейміз! 

- Көп рахмет!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Астон Вилла
Манчестер Сити
17.30
П1
3.24
Ничья
3.685
П2
2.242
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Хетафе
Мальорка
18.00
П1
2.431
Ничья
2.905
П2
3.85
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Торино
Болонья
19.00
П1
3.645
Ничья
3.045
П2
2.424
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.415
Ничья
3.415
П2
2.326
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.461
Ничья
3.685
П2
2.961
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.039
Ничья
3.87
П2
3.745
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.254
Ничья
3.475
П2
3.52
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.34
Ничья
4.225
П2
1.661
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.931
Ничья
3.79
П2
2.376
×