31 жастағы вингер қазірде “Сабах” клубында өнер көрсетуде.
Осы маусымда Миккельс барлық турнирлерді алғанда 20 ойын өткізіп, 15 гол соғып, 5 голдық пас берді. Неміс шабуылшысының көмегімен “Сабах” командасы Әзербайжан Премьер-Лигасында чемпиондыққа талас құруда. Команда көш басында 2 ұпаймен тек “Карабахтан” ғана қалып келеді.
Жалпы өз мансабында түп тамыры руандалық 18/19 жылғы маусымда “Ваккер” командасымен Германия Кубогын және 24/25 жылғы маусымда “Сабахпен” Әзерьайжан Кубогыне қол жеткізді. Одан басқа, ол 2012/13 жылғы маусымда Германияның жасөспірімдер арасында өткізілген арнайы Кубок турнирінде үздік сұрмерген атанды.
Мінсіз статистикасына қарамастан, егде жастағы Джой-Ланстың еуропаның мықты лигаларына ауысып кетуі екіталай. Сол себептен, оның алдағы уақытта алған бағыты Қазақстанға түсуі ғажап емес.