Джон Терри «Дерби Каунтиді» жаттықтыруы мүмкін

16.11.2020, 17:44
Терри қазір «Астон Виллада» бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істейді.
Джон Терри «Дерби Каунтиді» жаттықтыруы мүмкін

"Челсидің" бұрынғы капитаны, қазіргі "Астон Вилланың" жаттықтырушысы Джон Терри "Дерби Каунтиді" баптауы мүмкін, деп хабарлады Daily Mail.

Естеріңізге сала кетейік, "Дерби Каунти" 14 қарашада команданың бас бапкері Филипп Коктың отставкаға кеткендігін мәлімдеді. Команда бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып Уэйн Руни тағайындалды.

Қазір "Дерби" 11 матчта 6 ұпай жинап, Чемпионшиптің турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Терри "Астон Виллада" 2018 жылдан бері жұмыс істейді, оған дейін ол сол клубта маусым бойы ойыншы ретінде ойнады.

"Челси" сапында Терри Англия чемпионы (2004/2005, 2005/2006, 2009/2010, 2014/2015, 2016/2017 маусымдары), Англия Кубогының иегері (2000, 2007, 2009, 2010, 2012), Чемпиондар лигасының (2012) және Еуропа Лигасының (2013) жеңімпазы атанды. 2018 жылдың қазанында Терри мансабын аяқтағанын жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×