Эдегор «Реалға» қайтпайтын болды. Демек бүгін «Реал» жеңеді

22.06.2020, 00:28
Бүгін басталған келіссөздердің көп тұсы жұмбақ болып отыр.
Эдегор «Реалға» қайтпайтын болды. Демек бүгін «Реал» жеңеді

21 жастағы Норвегия құрамасының ойыншысы, джас талант Мартин Эдегор негізі "Реалға" тиесілі. Бірақ, басшылық оны тәжірибие жинасын деп "Реал" Сосьедад клубына жалға берді. Енді келіссөздер басталып, "Реал" клубы жас талантты келесі жылы да осы "Сосьедадта" жүре берсін деген шешім қабылдапты. Нпегізі бастапқыда корольдік клуб оны қайтарып алғысы келген. Мартиннің өзі де мен осында жүре берейін деп өтініш айтыпты-мыс. Сонымен, Эдегеор келесі маусымды да осы "Реал" Сосьедад сапында өткізеді.

Келіссөздердің дәл бүгін жүргені қызығушылық тудыртып отыр. Себебі, бүгін түнде "Реал" Сосьедад пен "Реал" Мадрид кездеседі. Бұл Испан ли-лигасының 30-туры ойыны. Егер "Реал" Мадрид жеңіске жетер болса, онда турнирлік кестенің бірінші сатысына шығады. Себебі, 30-турда "Барселона" "Севильямен" 0:0 тең түсіп қалған болатын. Көптеген пікірлерге қарасақ, "Эдегор "Сосьедадта" қалатын болса онда бүгін түнде "Реал" Мадрид жеңеді деген сөз" деп жазыпты испан мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×