Эден Азар Бельгия құрамасының тарихындағы ең үздік ойыншы атанды

14.01.2021, 22:56
Үздік үштікке «Манчестер Ситидің» екі бірдей футболшысы кірді.
Эден Азар Бельгия құрамасының тарихындағы ең үздік ойыншы атанды

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Эден Азар Бельгия құрамасының тарихындағы ең үздік ойыншы ретінде танылды, деп хабарлайды Бельгия футбол қауымдастығының ресми сайты.

Бельгия Корольдік Футбол Ассоциациясы өзінің 125 жылдығына орай жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырды, оларға елдегі футбол тарихындағы ең көрнекті тұлғаны таңдау мүмкіндігі берілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Азар бірінші орынды иеленді. Үздік үштікке «Манчестер Ситидің» бұрынғы қорғаушысы Венсан Компани мен дәл осы команданың жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне кірді.

Бельгия құрамасы 1904 жылдан бастап барлық халықаралық матчтар мен футбол турнирлерінде өнер көрсете бастады. 1906 жылдан бастап бұл құрама «Қызыл сойқандар» деген атпен танымал болды, ал ұлттық құраманың жанкүйерлер тобы «1895» деп аталды. Бұл ХХ ғасырдан бастап барлық кіші және үлкен турнирлерге қатысқан еуропалық ұлттық футбол командаларының бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×