Эден Азар футбол тарихындағы ең үздік дриблинг шеберін атады

“Челсидің” экс-ойыншысы өзінің қиялға берілуіне сеп болған үздік футболшының бар екенін жасырмады.

Эден Азар футбол тарихындағы ең үздік дриблинг шеберін атады

2023 жылы кәсіби мансабын аяқтаған қаптал вингері де қарсыласты бірге-бір алдап кетудің хас шебері еді. Оның “Челси” сапындағы ерекше хайлайттары әлі күнге дейін рекордтық қаралымдар жинауда. Осы орайда өзі де үздік дриблинг шебері болған Эден Азардан пір тұтатын футболшысы жайында сұрап өткен екен.

  • Мен үшін Хатем Бен Арфа үздік дриблинг шебері. Ол менің қиялыма қанат бітірген спортшы деп нық сеніммен айта аламын. Мүмкін Хатем өз мансабында кей сәттерінде шалыс басқанда болар. Алайда қалай дегенмен оның шеберлігі әрқашанда жоғары деңгейде болатын. Өкінішке қарай, тарихты қайта жаза алмайсың. Ондай рас болғанда, Бен Арфа әлемдегі ең үздік аяқдопшылардың бірі атанар ма еді.

2017 жылға дейін футбол көрмеген азаматтар Хатем Бен Арфаның кім екенін біле бермес. Францияның үкілі үміті болған вингер ПСЖ командасында жүргенде мансабын құрдымға жіберді. Хатемге үздік атану үшін оның қырсық мінезі кедергі келтірді. Таланты болғанымен, тәртібі нашар қалыптасқан Бен Арфа 2022 жылға дейін ешкім танымайтын футболшы дәрежесіне түсіп қалды. 

 

Attachment.png

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Эден Азар
Aladop Youtube
×