Эдерсон “Манчестер Ситиден” “Галатасарайға” ауысуға жақын

21.07.2025, 16:30

“Манчестер Сити” жазғы трансферлік маусымда негізгі қақпашысынан айырылуы мүмкін. Бразилиялық Эдерсон “Галатасараймен” жеке шарттары бойынша келісімге келгені туралы ақпарат Түркиялық БАҚ беттерінде жария болды.

Эдерсон “Манчестер Ситиден” “Галатасарайға” ауысуға жақын

31 жастағы қақпашы өткен жазда Сауд Арабия чемпионатына ауысады деген қауесет тарағанымен, ақыры “Этихадта” қалуға шешім қабылдаған болатын. Алайда 2025/26 маусым қарсаңында оның клубтан кетуі нақты бола бастағандай. “Галатасарай” Эдерсонмен келіссөздер жүргізіп, енді “Манчестер Ситимен” трансферлік соманы келісу үдерісін бастауға дайын отыр. Егер бұл келісім жүзеге асса, Эдерсонның “Ситидегі” 8 жылдық дәуірі аяқталады.

Эдерсонның кетуі Пеп Гвардиола бастаған команда үшін ауыр соққы болуы мүмкін. Өткен маусымда “Сити” Премьер лига чемпиондығынан айырылып, жаңа маусымда қайта серпін алуды көздеп отыр.

Дегенмен, клуб оның орнын басатын қақпашыны алдын ала қарастырып қойған. “Сити” қазіргі таңда “Бёрнлидің” жас қақпашысы Джеймс Траффордты қайтару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 2023 жылы Траффорд Ситиден “Бёрнлиге” шамамен 40 миллион фунтқа сатылған болатын, ал қазір “Сити” осы сома бойынша қайта сатып алу құқығын іске асыруға тырысуда.

22 жастағы Траффорд өткен маусымда Чемпионшипте жасындай жарқырап, қақпасына ең көп ойында гол айырылмаған қақпашы атанған. “Ньюкасл” клубы да оны өз қатарында көргісі келген, тіпті 27 миллион фунттық ұсыныс жасағанымен, ол қабылданбаған еді.

Айта кету керек, “Ситидің” қазіргі екінші нөмірлі қақпашысы Стефан Ортега Траффорд “Ситиге” оралған жағдайда тура сол “Бёрнлиге” ауысуы мүмкін.

Чемпионшипте екінші орын алған “Бёрнли” келесі маусымда Премьер лигада ойнауға дайындалып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×