Эдинсон Кавани «Атлетикомен» 2,5 жылдық келісім-шартқа қол қойды

29.01.2020, 01:54
Эдинсон Кавани «Атлетикомен» 2,5 жылдық келісім-шартқа қол қойды

"ПСЖ" сұрмергені Эдинсон Кавани Мадридтің «Атлетикосымен» 2,5 жылдық еңбек келісім-шартына қол қойды деп хабарлайды Marca.
Одан бөлек, қазір екі ұжым да уругвайлық футболшының трансферін бір жақты қылып қойған көрінеді. «Атлетико» Кавани үшін жобамен 15-20 млн еуро санап береді.

Эдинсон Кавани «ПСЖ» қатарына 2013 жылдың жазында қосылған болатын. Париж ұжымы Кавани үшін «Наполиге» 64,5 миллион еуро төлеген-ді. Жалпы осы аралықта 293 ойынға қатысып, 198 гол салған. Кавани "ПСЖ" тарихындағы ең үздік сұрмерген. Екі жаөты келісі-шарт осы жылдың жазында аяқталады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×