Эдинсон Кавани мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

03.12.2021, 04:50
Осы маусымның соңында шабуылшы еркін агент атанады.
Эдинсон Кавани мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Эдинсон Кавани жазғы трансфер терезесінде «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды The Times.

Дереккөздің хабарлауынша, 34 жастағы уругвайлық шабуылшы 2021/22 жылғы маусымның соңында «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шарты біткен соң каталондық клубқа ауысқысы келеді.

Шабуылшы тағы бір-екі маусым бойы жоғары деңгейде ойнай алатынына сенімді болып отыр.

Айта кетейік, Кавани осы маусымда сегіз ойында бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×