Эдинсон Каваниге айыппұл салынып, үш матчқа шеттетілді

01.01.2021, 04:05
Кавани бұл пікірді нәсілшілдік әрекет деп қабылдамайды деп ойлаған екен.
Эдинсон Каваниге айыппұл салынып, үш матчқа шеттетілді

Англия футбол қауымдастығы (FА) "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Эдинсон Каваниге жаза тағайындау туралы шешім қабылдады. Уругвайлық шабуылшы үш матчқа шеттетіліп, әлеуметтік желідегі нәсілшілдік әрекеті үшін 100 000 фунт айыппұл төледі.

Англия Премьер-лигасының 10-турында "Саутгемптонмен" болған матчтағы (3:2) керемет жеңістен кейін Кавани әлеуметтік желідегі жазылушылардың бірінің құттықтауына жауап бере отырып, "Gracias negrito" деп жазды, оны "Рахмет, қара" деп аударуға болады. Үш сағаттан кейін уругвайлық шабуылшы жазбаны өшіріп тастады, бірақ FA бұл пікірге назар аударып үлгерген болатын.

Осылайша, шабуылшы "Астон Вилламен" (Премьер-лига), "Манчестер Ситимен" (Англия лигасының кубогы) және "Уотфордпен" (Англия кубогы) болатын матчтарды жіберіп алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×