"Челсидің" қақпашысы Эдуард Менди Чемпиондар Лигасында өткізген он екі матчтың тоғызында гол жібермеді, бұл қақпашылар арасында осы турнирдің дебюттік маусымындағы рекорды болып табылады, деп хабарлады OptaJoe статистикалық порталы.
Сондай-ақ Менди Чемпиондар Лигасының финалында ойнаған және жеңіске жеткен алғашқы африкалық қақпашы болды.
Еске салайық, Эдуард Менди "Челсиге" осы маусымның басында ауысып келді. Премьер-лигада 31 матчқа қатысып, 16 кездесуде қақпасына гол жібермеді.
"Челси" өз тарихында екінші рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Лондондық клуб алғаш рет 2012 жылы осы трофейге қол жеткізген еді.