Армения құрамасы мен Ресейлік "Краснодар" клубының жартылай қорғаушысы Эдуард Сперцян мансабын Сауд Арабиясының "Әл-Ахли" командасында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
26 жастағы футболшы Португалияда медициналық тексерістен өтіп, жаңа клубымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшартта оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Фабрицио Романоның мәліметінше, трансфер құны 25 миллион еуроны құрады. Сперцян жаңа командасына олардың Австрияда өтетін оқу-жаттығу жиынында қосылады деп күтілуде.
Сперцян "Краснодар" сапында өнер көрсетіп, 2024/25 жылғы маусымда Ресей чемпионы атанды. 2025/26 жылғы маусымда ол барлық турнирлерде 42 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген. Ол "Краснодар" тарихында бір маусымда берілген нәтижелі пастар саны бойынша жаңа рекорд (17) орнатып, Ресей чемпионатының жоғарғы дивизионындағы тарихи көрсеткішті (16) қайталаған болатын.
Эдуард Сперцянның Қазақстандық тамыры бар. Оның әкесі Армян болса, анасы Экман Өскемен қаласында дүниеге келген.
2026 жылдың маусымында Ереванда өткен Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде (1:1) Сперцян Қазақстан қақпасына гол соққан болатын.
Жидда қаласының "Әл-Ахли" клубы — Сауд Арабиясының ең танымал ұжымдарының бірі. Клуб өз тарихында 4 рет ел чемпионатын және 13 рет Король кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, "Әл-Ахли" 2025 және 2026 жылдары қатарынан екі рет АФК Элиталық Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.