Эдуардо Камавинга - Франция құрамасы үшін гол соққан ең жас екінші ойыншы

08.10.2020, 14:45
Бір ғасырда болмаған рекордты қайталады.
Эдуардо Камавинга - Франция құрамасы үшін гол соққан ең жас екінші ойыншы

«Ренн» мен Франция ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга Украинаға қарсы жолдастық кездесуде гол соқты.

Осылайша, жасы 17 жыл 11 айды құрайтын Камавинга Франция құрамасында гол соққан ең жас екінші ойыншы болды. Ұлттық құраманың тарихындағы ең жас ойыншы - 1914 жылы наурызда Швейцария құрамасының қақпасына гол соққан Морис Гастигер (17 жас 5 ай).

Франция құрамасы Украина құрамасын жолдастық кездесуде 7:1 есебімен жеңді. Кездесу Сен-Денидегі «Стад де Франс» стадионында өтті.

Камавинганың голынан кейін француздардың басымдығын Оливье Жируды арттырды, оған Корентин Толиссо көмектесті. 34-минутта Жиру дубль жасады. Бірнеше минуттан кейін Виталий Николенко өз қақпасына соғып алды. 53-минутта Виктор Цыганков есеп айырмашылығын қысқартқан еді. 65-минутта бесінші голды Килиан Мбаппенің пасымен Толиссо соқты. Көп ұзамай Мбаппе Виссам Бен-Йеддердің пасынан кейін есеп айырмасын ұлғайтты. Соңында Антуан Гризманн матчтың нүктесін қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×