
Ресейлік «Чемпионат» сайты Лихтенштейн - Қазақстан кездесуіне болжам жазды. Танымал порталдың пікірінше Қазақстанға бүгін оңай болмайды.
«Егер тобында Лихтенштейн болмаса, Қазақстан басты аутсайдер саналар еді. Лихтенштейн құрамасынан Қазақстан ұлттық командасы әрине басым түсуі тиіс. Біріншіден - бұл жеңіс өзіне деген сенімділігін қайта сыйлайтын еді. Екіншіден, қарсыласы жеңістен дәмелентіндей мықты команда емес. Олар Солтүстік Македониядан 0:3 болып ойсырап ұтылып алды. Оның үстіне осыған дейін де одан әлдеқайда әлсіз құрамалардан жиі ұтылып жүрген ұжым. Ал Черчесовке Қазақстанның сәтсіздігінің фонындағы күрделі ситуациядан шығуға тап осындай қарсылас жетіспеген еді.
Қазақстан бүгін таза жеңіске жетуі де ықтимал. Не дегенмен лихтенштейндіктерге гол соғудың өзі ерлік саналады. Ал мұндайға олардың күнде бара бермейтінін білеміз. Қалай дегенмен де, қонақтарға ірі есептен үміттенбей-ақ қойса да болады. Себебі, матч жанкүйерлер мен өз алаңынан алыста әрі Уэльспен болған қиын ойыннан кейін өткелі тұр. Бұл жерде енді 2:0 деген секілді есеп тіркеліп қалуы мүмкін», - делінген сайт материалында.
Айта кетейік, ұлттық құрама ӘЧ-2026-не іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын.
Енді бүгін Қазақстан Лихтенштейнге қарсы кездесу өткізбек. Бұл матч біздің уақытпен 00:45-те басталады.
Біздің серіктес: FONBET