Қостанайлық клуб жаңа маусымда беларус легионерінің көмегіне иек артып отырған жоқ.
“Тобыл” ұжымы 28 жастағы қорғаушыға келер жылы жаңа келісім шарт ұсынбайтыны жайында ескертіпті.
Еске салсақ, Егор осы жылдың жаз айында “Тобылға” әзербайжандық “Кяпаздан” ауысып барған еді. Қазақстандық ұжымда ол барлық турнирлерді қосқанда 10 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Айтпақшы, “Қайраттың” капитаны Александр Мартыновичтің жарақат алуына байланысты Хвалько Беларусияның қараша айындағы ойындарына шақыртылған болатын. Ол Әлем чемпионаты іріктеуінің Данияға қарсы кездесуінде Артем Пахоменконы алмастырып, Беларусия құрамасында дебютты ойынын өткізді (2:2).
Еске салсақ, 2024/25 жылғы маусымда Хвалько “Тобыл” сапында Қазақстан Кубогыне қол жеткізді. Сол турнирдің “Жеңіске” қарсы жартылай финалдық кездесуінде Егор шешуші гол соғып, қостанайлықтарды финалға шығарды.