Егор Сорокин “Қайраттан” кетіп, Ресей Премьер лигасына оралмақ

Бүгін, 11:10

Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Егор Сорокин мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

Егор Сорокин “Қайраттан” кетіп, Ресей Премьер лигасына оралмақ

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Aлматылық клуб Pесейлікпен келісімшарт мерзімін ұзартуды жоспарлап отырған жоқ.

"Қайрат" басшылығы қорғаушымен қош айтысуға дайын. Қазіргі таңда РПЛ-дың турнирлік кестесінің екінші сегіздігіндегі бірнеше ұжым Сорокинге қызығушылық танытып отыр. Соған қарағанда, футболшы қысқы трансфер кезеңінде отанына оралуы әбден мүмкін.

Егор Сорокин Алматылық клуб сапында өзін тәжірибелі әрі сенімді қорғаушы ретінде көрсете білді. Оның “Сары-Қаралар” сапындағы көрсеткіштері төмендегідей:

– 52 матч, 2 гол, 2 нәтижелі пас, екі дүркін Қазақстан чемпионы.

30 жастағы қорғаушы Санкт-Петербург және Қазан футболының түлегі болып саналады. Бұған дейін Ресейде "Нефтехимик" пен "Краснодар” секілді клубтардың намысын қорғаған және 1 рет Ресей құрамасы сапында алаңға шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×