Егор Сорокин: “Реалға” қарсы ойынға барынша жауапкершілікпен дайындалып жатырмыз”

28.09.2025, 17:30

"Қайраттың" Ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин "Реалға" қарсы матч алдында команда дайындығы туралы пікір білдірді. 

Егор Сорокин: “Реалға” қарсы ойынға барынша жауапкершілікпен дайындалып жатырмыз”

Сорокиннің айтуынша, дайындық әдеттегідей жүріп жатыр:

"Барлық ойынға қалай дайындалсақ, бұл кездесуге де солай дайындалып жатырмыз. Алматыда нағыз футбол мерекесі күтіліп отыр, жанкүйерлер үшін қызықты ойын болады деп сенемін. Біз барынша жинақылықпен, үлкен жауапкершілікпен ойнауға және жақсы нәтижеге қол жеткізуге ниеттіміз. “Реалдың” бүкіл шабуыл шебі қауіпті, оларға ерекше назар аударамыз. Қарсыласты толық талдап, бапкерлердің нұсқауларын орындаймыз."

Футболшы бұл кездесуді жеке өзі де асыға күтіп жүргенін жасырмады.

"Анам арнайы ұшып келеді. Клуб тарапынан отбасы мүшелеріне билет қарастырылған." – деді Сорокин. 
 

– Чемпионат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×