Килиан Мбаппе “Реалдың” “Бенфикаға” қарсы кездесуінен шет қалды.
Францияның L'Équipe басылымы француз шабуылшысының тізесін ауыртып алғандығы жайында ақпарат берді. “Осасунаға” қарсы кездесуден кейін жарақат алды деген Мбаппе 3 аптаға дейін қатардан шықты.
Осылайша Килиан “Реалдың” Чемпиондар Лигасында “Бенфикаға”, Ла Лигада “Сельта” мен “Хетафеге” қарсы ойындарына қатыспайды.
Осы маусымда 27 жастағы шабуылшы Еурокубок аясында өткізген 8 матчта, 13 гол соқты. Бүгінгі “Бенфикамен” болған алдыңғы ойында Мбаппе Вини Жуниорға голдық пас берді (0:1).
Айта кетейік, “Реал” - “Бенфика” арасындағы Чемпиондар Лигасы 1/16 финалының қарымта ойыны бүгін сағат 01:00-де басталады деп жоспарланған.