Екі ойыншымен қош айтысқан «Қайрат» АФК бразилиялық шабуылшымен толықты

14.05.2021, 17:20
Витао Қазақстанға осы маусымның басында келген еді.
Екі ойыншымен қош айтысқан «Қайрат» АФК бразилиялық шабуылшымен толықты

"Қайрат" АФК ойыншылары Умберто және Фернандиньо осы маусымның соңында Алматылық клубтан кетеді. 

BookmakeRReview.kz сайты қос ойыншының қай командаға ауысатынын анықтады. Умберто мансабын Испанияның "Винья Альбали Вальдепеньяс" клубында жалғастырады. Умберто "Қайрат" үшін осы маусымда 9 матчқа қатысып, 9 гол салды. Ал Фернандиньо келесі маусымды Италия чемпионатында бастауы мүмкін.

BookmakeRReview.kz сайтына белгілі болғандай, алматылық клуб "Ақтөбе" клубында Витао деген атпен танымал болған бразилиялық шабуылшы Виктор Угомен келісім-шарт жасасады.

Еске салайық, бразилиялық ойыншы "Ақтөбе" командасына тек осы маусымның басында қосылды. Бұған дейін ойыншы Жапония чемпионатында өнер көрсеткен. "Ақтөбе" үшін Витао барлық турнирлерде (чемпионат, кубок, Чемпиондар Лигасы) 45 матч өткізіп, 38 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×