“Екібастұз” командасы 21 жастағы жас шабуылшымен келісімге келді

Орталық шабуылшы позициясында өнер көрсететін Артур Пискун Павлодар ұжымының қатарына қосылды.

“Екібастұз” командасы 21 жастағы жас шабуылшымен келісімге келді

Артур күні бүгінге дейін алматылық “Хан-Тәңірі” клубында өнер көрсетті. Ол Бірінші лиганың осы маусымында 9 ойын өткізіп, бірде-бір нәтижелі әрекет тіркей алмады. 

Өз мансабында Пискун “Іле-Сәулет” пен AKAS клубтарында да доп теуіп үлгерді. 

Айта кетейік, “Екібастұз” жазғы трансферлік ауысымда үш ойыншысымен қоштасты. Олар - Даниял Какенов, Азамат Зинадин және Ораз Сайлыбаев. 22 жастағы жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын Даниял Какенов жайлы осыған дейін порталымызда жазғанбыз! 

“Ертіс” сапы жаңа ойыншымен толықты - Футбол жаңалықтары - ALADOP.KZ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×