Тимур Рудосельский “Вест Армения” клубымен келісімге келді.
2019 жылы негізі қаланған ұжым өткен маусымда Арменияның Бірінқі лигасын жеңіп, өз тарихында алғаш рет Премьер-лигаға жолдама алды.
Тимурге Армения чемпионаты тансық емес. Ол әр кездері “Севан”, “Лори”, “Алашкерт” және “Нораванк” клубтарында өнер көрсетті. Соңғы аталған клубпен 29 жастағы қорғаушы 2022 жылы Армения Кубогын жеңді.
Соңғы рет ойнаған павлодарлық “Екібастұз” үшін Рудосельский барлығы 13 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET