Өтеген-Батыр ұжымы қарсылас команданы қабылдай алмайтынын жеткізіпті.
Оңтүстік-Батыс конференциясының “Іле-Алатау” мен KazAst арасындағы 20-тур ойыны бүгін сағат 16:00-де басталуы тиіс болған. Аталған кездесуді “Q Football” арнасы тікелей эфирде көрсетуге бекінген. Алайда ойын болмайтындықтан, барлық жоспар аяқсыз қалды.
Өз үйіндегі матчтан бас тартқан “Өтеген-Батыр” клубына Лига тарапынан техникалық жеңіліс жариялануы ғажап емес.
Айта кетейік, Екінші лиганың 19-турында 23 ұпай жинаған “Іле-Алатау” турнирлік кестеде 8 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET