Екпеден бас тартқан Йозуа Киммих вакцина сатып алу үшін қаржы бөлуде

24.10.2021, 18:46
Футболшының өзі вакцина салдыртпаған, бірақ айналасына көмектесуде.
Екпеден бас тартқан Йозуа Киммих вакцина сатып алу үшін қаржы бөлуде

Жартылай қорғаушы Йозуа Киммих «Бавария» сапында вакцина салдыртпаған бес ойыншының бірі. Бірақ ол коронавируспен күресу үшін әртғрлі ұйымдарға қаржылық көмек көрсетуде.

Сәрсенбі күні мюнхендік клубтың бас бапкері Юлиан Нагельсманның коронавирус жұқтырғаны анықталды, қазір ол карантинде жатыр. Осыдан кейін Bild басылымы «Баварияда» бес ойыншының вакцинацияланбағанын білді. Олардың бірі - Йозуа Киммих.

2020 жылдың наурызында Киммих өзінің комардаласы Леон Горетцкаямен бірге We Kick Corona деп аталатын фонд құрды. Футболшылардың әрқайсысы бір миллион еуродан тастады, жалпы 6 миллион еуро жиналды.

Сонымен қатар Киммих пен Горецка ЮНИСЕФ-ке вакцинация науқанына көмектесу үшін 500 мың еуродан бөлді.

Бұл ретте Киммихтің өзі екпеден бас тартып отыр, өйткені ол вакцинацияның ықтимал салдары туралы зерттеулердің нәтижесін күткісі келеді, деп хабарлайды Bild порталы. Неміс басылымы ойыншымен байланысуға тырысты, бірақ ол түсініктеме беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×